06.12.2006, 17:22 3401

Батыс Қазақстан облысының жаңа прокуроры бақылау органдары мен қаржы полициясы қызметкерлері арасында туындаған жанжалға түсінік берді

ОРАЛ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Жуырда Батыс Қазақстан облысына прокурор болып тағайындалған Зарлық Лақпаев қадағалау органы мен облыстық қаржы полициясының бұрынғы басшылары арасындағы жанжалға түсінік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

З.Лақпаевтың айтуынша, Оралдың бұрынғы прокуроры Закария Саралиев пен БҚО прокурорының бұрынғы орынбасары Молдағали Уапов қалалық прокуратура ғимаратына тендерсіз жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы әрекеттерімен олар қаржы полициясының көзіне түсіп қалған.

"Жөндеу жұмыстарын бір тиынсыз, тендерсіз бастаған, одан кейін бұл істі жасырып қалған, артынан бұл текетіреске ұласты, басқаша айтқанда, әуел бастан заң бұзушылыққа жол берілген, бәр оқиға міне осылайша басталды. Лауазым иесі жақсылық істеймін деп осындай әрекетке барды, алайда толған қылмыс боп шықты. Иуел баста оқиғаға дұрыс баға берілген жоқ. Енді оны ІІД процессуалды түрде істі қарайды",-деді З.Лақпаев кеше өткен баспасөз мәслихатында.

Бақылау органының басшысы хабарлағанындай, Оралдың бұрынғы прокуроры мен бұрынғы орынбасарына қатысты материалдар ішкі істер департаментінде , қосымша тергеу амалдары жүргізілуде. "Изірге ІІД нақты тоқтамға келген жоқ, бірақ процессуалды шешім жаңа жылға дейін қабылдануы тиіс, соңғы нүкте содан кейін қойылады",-деді З.Лақпаев.

Оның айтуынша, "ІІД-де тексеру шаралары аяқталмайынша олар (Саралиев пен Уапов- Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі ) ешқандай қызметке тағайындалмайды".

Осыған дейін хабарланғандай, З Саралиев пен М.Уаповтың үстінен экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департамент ҚР ҚК 311 бабы бойынша (қызмет бабын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғаған болатын. БҚО күш құрылымдары басшылары арасында туындаған дау дамайдан кейін З .Саралиев пен М.Уапов ҚР бас прокурорының бұйрығымен қызметтерінен босатылды.

Сонымен қатар, облыс прокуроры Сансызбай Үмбетәлиев, облыстық қаржы полициясы департаментінің бастығы Рамазан Тілеухан және облыстық ҰҚКД-нің бастығы Игорь Нұрмұхамедов қызметтерінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны