27.05.2010, 15:38 14139

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады

Орал. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 289-шы бабы (жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу) бойынша қозғалды.

Істі тергеумен БҚО ІІД айналысып жатыр, деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында қырылған киіктердің саны 12 мың басқа жетті деп мәлім етті БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Серікбай Иманқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны