07.09.2018, 23:31 5955

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында әскери қызметшілермен жеӊіл сүӊгуір даярлығы бойынша лагерлік жиын аяқталды

Аталмыш жиындардыӊ басты басымдылықтары ретінде үрмелі қайығын қолдану, топтыӊ қарсылас тылына шығу және су арнасы арқылы объектілерге диверсия жасау сұрақтары белгіленді.

Атырау. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығында әскери қызметшілермен жеӊіл сүӊгуір даярлығы бойынша лагерлік жиын аяқталды.

Арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердіӊ онкүндік лагерлік жиыны барысында судағы объектілерге диверсия ұйымдастыру сұрақтары пысықталды.

Оқу жиындардыӊ барысында әскери қызметшілер жеке және топ құрамында тапсырмаларды орындау, жүзу техникасын жақсарту, су бетіндегі жауынгерлік даярлықты жетілдіру және арнайы техника мен қару-жарақтарды қолдану кезіндегі машықтылықтарын арттырды.

Аталмыш жиындардыӊ басты басымдылықтары ретінде үрмелі қайығын қолдану, топтыӊ қарсылас тылына шығу және су арнасы арқылы объектілерге диверсия жасау сұрақтары белгіленді.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Аманғали Джанесовтыӊ айтуы бойынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері тиісті қару-жарақ пен құрал-саймандарын суда және су астында қолдану, төтенше жағдайларда әрекет жасау және сүӊгу жұмыстарыныӊ негізін міндетті түрде білулері қажет екендігін айтып өтті.

Жеӊіл сүӊгуір даярлығы бойынша лагерлеік жиындар барысында теориялық және практикалық бөліктер қарастырылған, деп хабарлайды "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы Басқармасыныӊ баспасөз қызметініӊ маманы капитан Рустем Игисинов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны