18.06.2018, 15:40 5219

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында батальон және дивизион командирлерініӊ командирлік даярлығы бойынша жиындары басталды

Атырау гарнизонында "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерініӊ мотоатқыш, танк, штабтық, теӊіз жаяу әскері батальондары мен артиллериялық және зениттік дивизион командирлерініӊ жиыны өтуде.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Атырау гарнизонында "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерініӊ мотоатқыш, танк, штабтық, теӊіз жаяу әскері батальондары мен артиллериялық және зениттік дивизион командирлерініӊ жиыны өтуде.

Оқу жиынныӊ басты мәселелері болып - жедел тактикалық даярлықтыӊ, барлаудыӊ, радиоэлектрондық күрестіӊ жаӊа әдістерін оқу, білім деӊгейін арттыру және жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру бойынша тәжірибемен ауысу болып белгіленді. Оқу бағдарламасы бағынышты жеке құрам алдында қойылған тапсырманы орындау кезіндегі жаӊа әдістер мен формаларды игеру мақсатында, теориялық және тәжірибелік сабақтардан құрастырылды. Жиын басында, өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров, офицерлерді оқу үрдісін сапалы және мейілінше тиімді өткізуге шақырып, жиын барысын жеке бақылауға алатынын ескертті.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакировтыӊ айтуы бойынша: "Батальон деӊгейіндегі командалық құрам, бүгінгі күнніӊ құбылмалы әскери жағдайына сәйкес өзініӊ міндеттерін орындауға сақадай сай болуы қажет. Осындай жиындардыӊ арқасында, командирлер өздерініӊ командирлік және профессионалдық деӊгейін көтеріп, бір дәрежеге жоғары көлемдегі міндеттерді орындай алады".

Батальон командирлерініӊ жиыны соӊында барлық өткізілген тақырыптар бойынша сынақ қабылданып, олардыӊ ұрысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша білім дәрежесі бағаланатын болады. Оқу жиыны ағымдағы жылдыӊ 15 шілде күні аяқталады, деп хабарлайды "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы Басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны