24.01.2019, 19:11 8289

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында роталық-тактикалық топтардыӊ тактикалық оқу-жаттығулары өтуде

Аталмыш оқу-жаттығуларды өткізуге арналған уақыттыӊ 24 сағаты жауынгерлік ұрыстыӊ динамикасын пысақтауға біріледі, оныӊ ішінде 30% түнгі уақытта өткізуге бөлінген. Рота-тактикалық топтардыӊ оқу жаттығулары 25 қаӊтарда аяқталады.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today -Маӊғыстау және Ақтөбе облыстарыныӊ әскери бөлімдеріне 2018 жылдыӊ көктемінде шақырылған сарбаздар үшін тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде.

Рота-тактикалық топтардыӊ оқу-жаттығулары Ақтау мен Ақтөбе қаларыныӊ маӊында орналасқан "Оймаша" және "Есет батыр" әскери полигондарында күндізгі және түнгі уақыттарда өткізілуде. Жаттығулардыӊ басты мақсаты мен тапсырмасы - біріктірілген бөлімшелер мен құрамалардыӊ ортақ тапсырманы орындау кезіндегі үйлесімділігін бағалау, рота-тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды үйрену және осындай біріктіріліген топты басқару кезінде командирлердіӊ машықтылығы мен тәжірибесін арттыру болып табылады.

Рота-тактикалық топтардыӊ құрамы, оларға қойылған тапсырмаға байланысты жасақталады. Бұл ретте олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін орындап, шабуылдау амалдарын пысықтаумен қоса, басқа да іс-қимылдарды жасайды. Осы оқу-жаттығуды өткізу барысында қосымша түрде жеке құрамныӊ ротаныӊ тірек пунктін инжинерлік жасақталуы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс пен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша сынақтарды тапсыру қарастырылған. Мотоатқыш және теӊіз жаяу әскері роталарыныӊ оқу-жаттығуларын өткізу кезінде, оларға танк, артиллерия және қамтамасыз ету бөлімшелері беріледі. Бұлардыӊ барлығына рота командирі жеке тапсырма қойып, оларға басшылық етуіне байланысты, бұл рота-тактикалық тобы деп аталған.

Аталмыш оқу-жаттығуларды өткізуге арналған уақыттыӊ 24 сағаты жауынгерлік ұрыстыӊ динамикасын пысақтауға біріледі, оныӊ ішінде 30% түнгі уақытта өткізуге бөлінген. Рота-тактикалық топтардыӊ оқу жаттығулары 25 қаӊтарда аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны