19.01.2019, 21:11 5125

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында сержанттар кеӊесініӊ мәртебесі өсуде

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеӊесініӊ отырысы өткізілді. Онда сержанттар құрамыныӊ ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізіліп, сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеӊесініӊ отырысы өткізілді. Онда сержанттар құрамыныӊ ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізіліп, сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.

Оқу жылы басталысымен әскери бөлімдерде жаппай жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардыӊ қарқындылығы белеӊ алуда. Осы үрдістіӊ басты жетекшілерініӊ бірі болып сержанттар құрамы жұмыс жасауда. Олар өздерініӊ ағымдық тапсырмалары мен мәселелерін Сержанттар кеӊесінде талқылап, өзекті мәселелердіӊ шешімдерін тапты.

Сонымен қоса, отырыста сержанттардыӊ абыройы мен намысына, әскери серіктестік, әскери бөлімге жаӊадан келген әскери қызметшілерге қалыптасуда көмек көрсетуге қатысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Одан басқа, сержанттардыӊ отбасыларында моральдық-адамгершілік жағдайды нығайту, балалары оқитын мектептерге көмек көрсету, олардыӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелері қаралды.

"Кіші командирлер жеке құрамды басқаруда негізгі тауашаға ие. Сержанттардыӊ жұмысындағы сәттілік көбінесе олардыӊ өздерініӊ жеке парызы мен бағыныстыларыныӊ істері мен қылықтарына жауапкершілікті қаншалықты сезінетіне байланысты, білімдері мен тәжірибелерін жетілдіреді, әскери жарғымен берілген құқықтарын орынды пайдаланады", - деді "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 3-сыныпты сержанты Тимур Иманалов.

Қарулы Күштерде сержанттардыӊ жалпы және әскери мәдениетін арттыру, оларды жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына тарту, сондай-ақ Қазақстан армиясында сержанттар корпусыныӊ ролін нығайту мақсатында жыл сайын Бүкілармиялық сержанттар кеӊесі өткізілетінін айта кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны