25.09.2019, 09:57 25169

Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шекарашылар мен мемлекеттік кіріс органдарының статистикалық есептері арасындағы айырмашылықты анықтаған

Айталық, Шекара қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында "Сырым" өткізу бекеті арқылы 55 618 жүк көлігі өткен болса, Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше бұл сан 23 008 жүк көлігіне тең болған.

Орал. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 17 қыркүйекте облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Ондай кездесу өткізуге "Сырым" бекетіндегі ұзын-сонар кезекке қатысты шағымдар себеп болған.

Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шекарашылар мен мемлекеттік кіріс органдарының статистикалық есептері арасындағы айырмашылықты анықтаған.

Бұл айырмашылық осы бекет арқылы шекарадан өтетін көлік санына қатысты болып отыр. Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты ұсыныс жасалды.

"Айта кету керек, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға "Сырым" бекетінде ұзын-сонар кезектер түзілу оқиғалары себеп болды. Бұл проблема сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында да, жұртшылық өкілдерімен бірлескен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг аясында да талданды. Талдау нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Мемлекеттік кіріс департаментінің статистикалық есептері арасындағы айқын айырмашылық анықталды. Айталық, Шекара қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында "Сырым" өткізу бекеті арқылы 55 618 жүк көлігі өткен болса, Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше бұл сан 23 008 жүк көлігіне тең болған. Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәліметінен 32 610 көлікке кем. Осы сұрақ бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшылығы ресми түсініктеме беруден кідіріс танытты. Дәл осындай ашық еместік сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына баруға алғышарттардың бірі болып табылатынын айта кету керек",- деп мәлімдеді қылмыстық істерді тексеру нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Сонымен бірге, кездесуде Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлерінің жүргізушілермен тікелей байланыста болуына, интернет жылдамдығының баяулығына (Мемлекеттік кіріс комитетінің автоматтандырылған мәліметтер базасы баяу жұмыс істейді), бейнекамералармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуге байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтылды. Осы тектес деректерге бұдан әрі жол бермеу үшін Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің басшылығына тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану туралы нұсқау берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны