10.08.2019, 18:53 19498

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған шараларды күшейте түсті

Орал.10 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған шараларды күшейте түсті.

Қылмыстық істерді тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекетіне баруға түрткі болған жағдаяттардың барлығын жоюға қатысты тиісті ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ, бар проблемаларды талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың басты баптарын түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен және мемлекеттік орган өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізу дәстүрге айнала бастады.

Айталық, 2019 жылдың 7-тамызында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет пен Орал қаласы әкімінің орынбасары Сергей Доляның қатысуымен Орал қалалық әкімдігінің бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу болып өтті.

Мұндай кездесу өткізуге "Орал қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің есепшісіне қатысты тексеру аяқталған қылмыстық іс бойынша жолданған таныстыру негіз болды.

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалу деректерінің кездесуі барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары тарапынан алдын алу жұмыстарын күшейте түсу қажеттігін талап етеді. Ең алдымен ол үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу қажет. Ал бүгінгі күні мұндай талдау көбінесе үстірт қана жүргізіледі", - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Дәл осындай кездесу 6 -тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік тақылау инспекциясында да өтті.

Ондағы мақсат - инспекцияның лауазымды тұлғалары мен жүргізушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу. Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкері мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметтік құзыретін жүзеге асыру барысында сыйлық немесе пара алуға жол бермеу, адамдарға уәде беру немесе пара беру туралы ұсыныс жасау ретінде қабылданатындай іс-әрекеттерге жол бермеу жөнінде түсінік беру мақсатында сұхбат болып өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны