Система Orphus

Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 8 айында 105 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

25.09.2019, 13:26 25300
Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 8 айында 105 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

Орал. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 8 айында 105 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18%-ға жоғары. 
 
Бұл орайда "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиеваның айтуынша, әкімдік тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін жою бағытында біршама іс тындырылды: мемлекеттік қызметтерді бір терезе қағидаты бойынша алу жүйесі, SmartUralsk қосымшасы, "Дәрігерге" мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілердегі парақшалар және т.б. 
 
Алайда, оның пікірінше, осынау инновациялардың барлығын өзара интеграциялау қажет. 
 
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің хабарлауынша, тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында негізгі үлес парақорлыққа қатысты - 44% (46), мүлік ұрлау мен алаяқтық - 32% (34), қылмыстық жалғандық - 17% (18). 89 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, оның 86-сы сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 22 тұлға сотталды. 
 
"Қарастырылып отырған кезеңде 32 мемлекеттік қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалар 85 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады. Жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлері 30 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, олар бойынша 14 тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде аудандық және қалалық деңгейдегі 3 басшы бар. 
 
Министрліктер мен мекемелердің аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері 55 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, қылмыстық жауапкершілікке 18 тұлға тартылды, олардың арасында облыстық деңгейдегі 4 басшы бар",- деді Нұрдәулет Сәмет. 
 
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе отырып әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан тұрғындар алатын мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты мәселелер бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда. Мұндай кездесулер Қазталов, Жәнібек, Жанғала, Бөкейорда, Сырым, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарының ауылдық округтерінде өткізілді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны