13.06.2019, 20:03 9568

Батыс Қазақстан облысында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің жұмысына талдау жүргізілді

Орал. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің бастамасы бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып "құпия сатып алушы" әдісімен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Үкіметтік емес акционерлік қоғамының №1 облыстық филиалы бөлімінің жұмысына талдау жүргізілді.

Іс-шара барысында кейбір кемшіліктер анықталып, оларды жоюға қатысты тиісті нұсқаулар берілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлімінің және Көші-қон қызметтері және жұмыспен қамту жөніндегі қалалық орталықтардың ғимараттарын кезекті тексеру барысында тұтастай алғанда, қызметті тұтынушыларға соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайды тиісті түрде жасамауға қатысты көптеген деректердің беті ашылды.

Уәкілетті органдар тарапынан Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің еңбек тәртібін бұзу, мемлекеттік қызметті алудан бас тартуға негіздеме бойынша олардың жеткілікті түрдегі ақпараттан бейхабардығы салдарынан келушілерге теріс кеңес беру оқиғалары анықталды.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Халыққа жақын болу" атты науқанның аясында 2019 жылдың 6 маусымында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Үкіметтік емес акционерлік қоғамының №2 облыстық филиалы бөлімінің ғимаратында азаматтарға мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы, Этика жөніндегі кеңес төрағасы, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Үкіметтік емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы кеңес берді.

Іс-шара барысында азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны