21.11.2019, 12:25 27462

Батыс Қазақстан облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың басты себептері аталды

Бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыстарды жүзеге асыруға ауылдық округтерде интернеттің болмауы, білім беру мекемелері басшылығының электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану машығын игере алмауы мен олардың өз мекемесінің қаржылық-шаруашылық іс-қызметімен айналысуға құлық танытпауы түрткі болып отыр.

Орал. 21 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары - "Ақжайық -адалдық алаңы" жобасының тәлімгері Серік Егізбаевтың төрағалық етуімен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша жиын өткізілді.

Жиынға аудан әкімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің және бағынышты ұйым- мекемелердің жетекшілері, мектеп директорлары қатысты.

Олардың қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері білім беру саласындағы ұрлық-қарлықтың басты себептерін атап өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет мекеме есепшілерінің өз басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбаларын пайдалану оқиғаларының жиілеп кеткеніне баса назар аудартты.

Бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыстарды жүзеге асыруға ауылдық округтерде интернеттің болмауы, білім беру мекемелері басшылығының электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану машығын игере алмауы мен олардың өз мекемесінің қаржылық-шаруашылық іс-қызметімен айналысуға құлық танытпауы түрткі болып отыр.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдауларды сапалы жүргізу қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ, ауылдық округтерді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын қарқындандыру және басшылық құрамның компьютерлік сауаттылығын арттыру шараларын күшейту қажеттігі атап көрсетілді.

Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлық дерегімен бетпе-бет келген жағдайда азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жүгіну қажет деп санамайды, тіпті кейде олардың өздері арсыз шенеуніктердің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Сыбайлас жемқорлық дерегіне тап болған жағдайда азаматтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне 98-47-20 телефоны арқылы жүгінуге, немесе пошта арқылы, сондай-ақ, Құрманғазы көшесі, 89/1 мекен-жайы бойынша жеке қабылдауға келуге шақырамын деді Нұрдәулет Сәмет.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық дерегі туралы Call-орталыққа 1424 нөмірі арқылы да хабарлауға болады, бұл нөмір тәулік бойы жұмыс істейді.

Ал осыған ұқсас іс-шараларды ай сайын өткізіп отыру жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны