Система Orphus

Батыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Бөрілі ауданының әкімі аппаратының жетекшісі сотталды

06.12.2019, 01:00 36154
Батыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Бөрілі ауданының әкімі аппаратының жетекшісі сотталды

Орал. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Бөрілі ауданының әкімі аппаратының жетекшісі сотталды.

Бұдан бұрын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақсай қаласындағы баспана жалдауға және мемлекеттік мекемеге арнап тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға арнап бөлінген 2 млн астам теңгені ұрлады деп күдікке ілінген аппарат жетекшісіне қатысты тергеу жүргізген болатын.

3 желтоқсанда Бөрілі аудандық сотының үкімімен шенеунік айыпты деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерге тағайындалу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Қазір қылмыстардың бетін ашумен қатар, департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның профилактикасына қатысты жұмыстарды күшейте түсуге баса назар аударып отыр. Егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі негізінен оның салдарларымен күреске бағытталса және айыпты тұлғаларды жазалау арқылы ғана көрініс беріп келсе, бүгінгі күні оның алдын алуға, оны азайту мақсатында мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге басымдық беріліп отыр", - дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Мәселен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың бір түрі заң бұзушылықтарға түрткі болатын себептер мен алғышарттарды жою туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар енгізуге саяды. Бұл ретте бүкіл қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиімді қарсы тұру мүмкін емес, деді ол.

"Осы орайда еске сала кетсем, 2016 жылдың басынан бері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтары туралы хабар берген немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күреске басқа да жолдармен септігін тигізген қазақстандықтар біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі марапат ала алады. Сыйақы мөлшері 30 АЕК-тен 70 АЕК аралығында. Кез-келген азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бүкіл республика бойынша біртұтас 1424 телефон нөміріне сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабар бере алады. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді", - деді Нұрдәулет Сәмет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны