17.11.2019, 13:40 9059

Батыс Қазақстан облысында кешікпей әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

Портал мүмкіндігі шектеулі адамдардың тауар және қызмет жеткізушілермен өзара ықпалдастық орнатуына арналған біртұтас цифрлық алаң болмақ.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында кешікпей әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады. Үкіметтік емес ұйымдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жиынында осынау электрондық жаңалықтың тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Кездесуде мүгедектердің мүддесін қорғайтын ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларға қатысу және мемлекеттік тапсырыстар алуына қатысты проблемалар жария етілді.

Бұдан бұрын "Ақжайық -адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық кеңсесінің көмегіне жүгінген Орал қаласының тұрғындары зағип адамдарға дербес көмекшілердің қызметін көрсету бойынша тендерді жеңіп алған ұйымға қатысты шағым түсірген болатын. Олар тендер сыбайлас жемқорлық сипатта өткізілген деген сенімде.

Өйткені дербес көмекшілердің қызметіне ақы толық төленбейді, төлемдер уақытылы төленбейді және сапалы төленбейді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесе ұйымдастырған жиында мүгедектік ұйымдарға қатысты осындай және басқа да мәселелер талқыланды.

Осы іс-шарада әлеуметтік қызметтер порталының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Ол әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуларды өткізген кезде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырмақшы.

Мемлекеттік сатып алулар процедурасын қысқарту қызметтердің көрсетілу мерзімін қысқартуға әсерін тигізеді. Электрондық порталдың арқасында бұл мерзім бірнеше есе қысқаратын болады. Портал мүмкіндігі шектеулі адамдардың тауар және қызмет жеткізушілермен өзара ықпалдастық орнатуына арналған біртұтас цифрлық алаң болмақ. Мамандардың бірыңғай реестрінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін кәсіпқой мамандардың кең ауқымды тізімі, сондай-ақ, дербес көмекшілердің көмегі ұсынылады. Порталдың көмегімен өз жеке сұраныстарына сәйкес арнаулы тауарларды және оларды жеткізушілерді таңдауға мүгедек адамдардың өздері қатыса алады.

Олар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелерден арнаулы әлеуметтік қызметтер мен техникалық сауықтыру құралдарының 55 түрінің 24-іне өздері тапсырыс бере алады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің қалған 31 түрі 2020 жылдың шілде айына дейін кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Порталдыц іске қосудағы басты мақсат - мүгедек адамдар үшін қолайлы жағдайлар тудыру және ұсынылатын қызметтер мен техникалық сауықтыру құралдарының сапасын арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны