17.09.2019, 13:48 30523

Батыс Қазақстан облысында "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыруда

Орал. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің (Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі) қызметкерлері мен "Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталығы" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары жол төсеу жұмыстары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру аясында Арнайы монтиторингтік топ мүшелерімен бірлесе отырып, облыстық маңызы бар "Тасқала-Аққурай-Болашақ- РФ шекарасы" және "Чапаево-Жанғала-Сайхин" бағытындағы автокөлік жолдарына тексеру жүргізді.

Жүргізілетін жұмыстарға тапсырысты беруші - Батыс Қазақстан облыстық "Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы" Мемлекеттік мекемесі.

Мониторинг нысанды тексеру және геометриялық параметрлерін ішінара өлшеу жолымен жүргізілді. Мамандар жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтау және асфальтті-бетон жабынның көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізу үшін асфальтті-бетон жабыннан керн алды. Іріктеп алынған керн бойынша одан әрі сынақ жұмыстары жүргізіледі.

"Қазір сынамалар зертханаға тапсырылды. Олар зерттеліп жатыр. Нәтижелері осы аптада белгілі болады. Егер олардан бұзушылық анықталса, біз тиісті материалдарды аталған бұзушылықтарды жою үшін жолдайтын боламыз", - деп түсіндірді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.

Мониторинг барысында белгілі болғанындай, жолдарға орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде автокөлік құралдары үшін айналма жол қарастырылмай, жолдарды жөндеу кезінде жолдың бір жақ беті жабылады екен. Сөйте тұра, аталған жол нысандарының барлығында жолдардың екі жақ беті де жабылған, ал автокөліктердің жүріп өтуі үшін айналма жолдар төселген, бірақ олар жүргізушілер үшін біршама ыңғайсыздықтар тудырады. Бұл ретте айналма жолдар тек күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғана қарастырылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің пікірінше, біз әрбір тиынның мақсатты жұмсалуын бақылап отыруымыз керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны