07.07.2019, 17:43 11912

Батыс Қазақстан облысында өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды

Бұл кеңесте этикалық нормаларды сақтау, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, сондай-ақ, өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды.

Орал. 7 шілде. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 4 шілдесінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында Лавр Хайретдиновтың төрағалығымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, сондай-ақ, этикалық ережелер мен нормаларды сақтау" мәселесі бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Орынбек Насимуллин мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі "Жаңару" қоғамдық қозғалысының Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілі А.Имашев қатысты.

Бұл кеңесте этикалық нормаларды сақтау, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, сондай-ақ, өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің іс-қызметі туралы түсінік берілді.

Өсімдіктер карантині және инспекторлық жұмыс салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша қызмет алушыларға көрсетілетін қызметтердің жақсара түскені, атап айтқанда, адамдардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орнату және күту залдарын ақпараттық тақталармен жабдықтау жайттары атап көрсетілді.

Айта кетейік, азық-түлік қауіпсіздігі, халықтың денсаулығын қорғау - "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұрақты бақылауындағы мәселелер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мамандарының тұжырымдауынша, рұқсат беру бойынша кең ауқымды өкілеттіліктің болуы мен шенеуніктің кәсіпкерлермен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі сыбайлас жемқорлық үшін ыңғайлы ахуал тудырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны