23.07.2019, 23:51 15032

Батыс Қазақстан облысында түрмеде фронт-офис ашылды

Бұл жерде жазасын өтеушілерге келушілер мен олардың туыстары ақыл-кеңес алып, өздеріне қажетті бүкіл ақпаратпен таныса алады.

Орал. 23 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысындағы РУ-170/3 қатаң тәртіпті түрмеде шамамен 600-ге жуық адам қамауда отыр. Бұдан бұрын темір тордың ар жағында отырғандардың туыстары мен адвокаттарына түрме басшылығымен кездесу үшін мекеменің қақпасы алдында сағаттап күтуге тура келетін. Түзеу мекемесінде күту залы мен жүк сақтау қоймасы жоқ болатын. Фронт-офисті ашудың арқасында бұл проблемалар жойылды, ал тұрғындар үшін ыңғайлы жұмыс кестесі жасалды. Бірыңғай өткізу бөлімшесі бар фронт-офис күту уақытын қысқартуға және болуы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

Бұл жерде жазасын өтеушілерге келушілер мен олардың туыстары ақыл-кеңес алып, өздеріне қажетті бүкіл ақпаратпен таныса алады.

РУ-170/3 түзету мекемесі басшысының орынбасары Белеш Нуржауовтың айтуынша, "фронт-офиске бөлінген орын-жай барлық талаптарға сай келеді. Ал жазасын өтеушілерге келушілер мен олардың туыстары дүйсенбі мен жұма аралығында таңертеңгі сағат 8 бен 11 аралығында күн сайын келе алады".

Тәрбиелеу бөлімінің еңбек және тұрмыстық жағдайды оңалту жөніндегі инспектор Айымгүл Нұржанованың айтуынша, "фронт-офис азаматтардың сыртта тосуына, бірнеше бақылау-өткізу бөлімінен өтуіне және кабинеттерді аралап аяқ тоздыруына жол бермейді. Бұл басшылықтың қабылдауын күтіп немесе өтініш берген кезде кезекте сарылмай-ақ қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік беретіндіктен келушілер аталған жаңалыққа разы болып жатыр. Негізінен адамдар қамауда ұстау жағдайына байланысты, сондай-ақ, анықтамалар және ақыл-кеңестер беру мәселелері бойынша көп жүгінеді".

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе отырып жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша белгілі болғанындай, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деректері барлық дерлік салада бар болып шықты, ал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне мемлекеттік органдардың өкілдері де, олардың қызметтерін тұтынушылар да тең дәрежеде бастамашы болатыны белгілі болған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны