28.09.2019, 19:15 32746

Батыс Қазақстан облысында жалпы құны 846 млрд. теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденді

Жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бағдарламасы бизнес үшін үлкен қузығушылық тудырып, оң пікір айтылып жатыр", - деп қорытты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің бас маманы Ерқанат Ерланұлы.

Орал. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында ағымдағы кезеңде "Бизнес пен инвестицияны қорғау" жобалық кеңсесіне келіп түскен 17 шағымның 7-еуі оң шешімін тапты. Соның нәтижесінде 5 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 3-еуі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жалпы құны 846 млрд. теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобаға қатысты жүзеге асырылды.

"Квант" ЖШС директоры Дмитрий Пшеничныйдың айтуынша, жоба кәсіпкерлер күткендей көңілден шықты.

"Ақпан айының басында жиҺаз өндіретін цех құрылысын салу және оны пайдалануға арналған қосымша жер телімін жеке меншікке беру проблемасына тап болдық. Жобалық кеңсеге жүгініп едік, оның қызметкерлері жедел түрде жауап қатып, біздің проблемамызды шешіп берді. Қазіргі күні жер комиссиясы отырысының шешімін алдық, енді тағы да аумағымызды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. "PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENT" жобалық кеңсесіне біз талай рет жүгіндік. Ағымдағы жылдың басында жиҺаз фабрикасын салу бойынша жұмыс жобасын мемлекеттік сараптама рұқсатын алуға көмек көрсетті", - деді бізге кәсіпорын директоры.

"Бізге "Квант" ЖШС компаниясынан жергілікті атқарушы органға қатысты өтінім келіп түсті. Қалалық әкімдік жер телімін беру мәселесін бірнеше айға созып жіберген. Бұдан кейін біз араласып, газ және су бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардан бастап фабрика орналасқан аудан әкімдігіне дейін мемлекеттік органның әрқайсысымен виза алу және келісім беруге дейінгі мәселенің бәрін пысықтап шықтық. Сондай-ақ, бұл қызметті алған кезде кәсіпкерге банктен берешегі жоқтығы туралы анықтама алу қажет болды. Біз банк басшылығымен шұғыл түрде хабарласып, қолдау көрсетуді сұрадық, бұл мәселе жылдам шешімін тапты. Жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бағдарламасы бизнес үшін үлкен қузығушылық тудырып, оң пікір айтылып жатыр", - деп қорытты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің бас маманы Ерқанат Ерланұлы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны