19.03.2020, 19:47 6065

Батыс Қазақстан облысының әкімі Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағанбетовтың бағынышты қызметкері пара алғаны үшін сотталғаннан кейін берген отставкасын қабылдады

Ол Шыңғырлау ауданының мемлекеттік мекемелері мен орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жеке кәсіпкерден 2 млн. теңгеге жуық (1 960 000 теңге) пара алуда күдікке ілінді.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының әкімі Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағанбетовтың бағынышты қызметкері пара алғаны үшін сотталғаннан кейін берген отставкасын қабылдады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "БҚО Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" ММ басшысына қатысты пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Ол Шыңғырлау ауданының мемлекеттік мекемелері мен орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жеке кәсіпкерден 2 млн. теңгеге жуық (1 960 000 теңге) пара алуда күдікке ілінді.

Ағымдағы жылы 21 қаңтарда Сапаров кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

2019 жылы 10 желтоқсанда ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі бөлігінде енгізілген өзгертулер заңды күшіне енді.

Аталған нормаға сәйкес 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кейін жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін мемлекеттік қызметшіні кінәлі деп тану туралы сот үкімі күшіне енген соң оның тікелей басшысы - саяси мемлекеттік қызметші 10 күннің ішінде қызметтен кетуі тиіс.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық әкімдікке Тұрмағамбетовты бағынышты қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсынымы енгізілді.

Осыған орай, заң нормасына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов отставкаға ұсынды.

Ағымдағы жылы 16 наурызда облыс әкімінің өкімімен бұл отставка қабылданып, Тұрмағамбетов атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қоса, БҚО Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Кенжебек Құспаев пен оның орынбасары Манарбек Нажиев соттың үкімін күтпестен, отставкаға баянат берді. Оған жол-патрульдік полициясы взвод командирінің жол көлік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша ұсталуы себеп болды. Сонымен қатар, олардың қоластында жұмыс істеген бірнеше полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істер басталды.

Анықтама: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Орал-Атырау" және "Орал-Ақсай" республикалық және облыстық маңызы бар тас жолда жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүргізушілерден 2 000 - нан бастап 10 000 теңгеге дейін жүйелі түрде пара алған бір топ тұлға, жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының бірқатар инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аталған департаментімен жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальоны взводының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу (ҚР ҚК 366-бабы, 3-бөлігі, 2,4-тармағына сәйкес) жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны