09.07.2026, 16:20 34871

Батыс Қазақстанда су алу көлемі 25 млрд текше метрге жетті

Батыс Қазақстанда су алу көлемі 25 млрд текше метрге жетті
Сурет: Depositphotos
Батыс Қазақстан облысында су алу көлемі 25 млрд текше метрге жетті, деп хабарлады "Байтақ" жасылдар партиясының V кезектен тыс съезінде партия төрағасы Азаматхан Әміртаев.

"Біз елде арнайы орган - Су ресурстары және ирригация министрлігін құруды ұсындық, ол құрылды. Бүгінде Батыс Қазақстанда су алу көлемі 25 млрд текше метрге дейін өсті. Осы жетістікпен су шаруашылығы саласының қызметкерлерін құттықтаймын", - деді Азаматхан Әміртаев.


Оның айтуынша, "Байтақ" партиясы айналым экономикасы туралы заң әзірлеп, қабылдау бастамасын көтеріп отыр.

"Елдің әл-ауқаты жер қойнауы мен табиғи ресурстарды игеру арқылы ғана емес, қолда бар байлыққа ұқыпты қарау арқылы да қамтамасыз етіледі", - деді партия төрағасы.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда су шаруашылығы саласын дамытуға 3 трлн теңгеден астам қаржы бағытталатыны хабарланған болатынбыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны