26.11.2019, 12:48 14850

"Батыс" Өңірлік қолбасшылығы жыл қорытындысын шығарды

"Каработан" оқу полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік машиналарды жүргізуді ұйымдастыру, әскери техниканы тиеу және тасымалдау, жауынгерлік атыстарды ұйымдастыру және қол гранатасын лақтыру тәртібі бойынша сабақтарға қатысады.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - "Батыс" Өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлықты жетілдірудің, әскери мен құқықтық тәртіпті нығайтудың, әскери қызмет пен күнделікті тіршілік ету мәселелерін жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік жиын өткізеді.

Атырау қаласының әскери бөлімдері базасында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағындағы әскери бөлімдерден тұратын өңірлік қолбасшылықтың басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.

Жиынға қатысушылар үшін жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру пәндері бойынша сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, командирлер дене дайындығы бойынша сынақ тапсырып, топ бойынша әр түрлі сабақтарға қатысады.

"Каработан" оқу полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік машиналарды жүргізуді ұйымдастыру, әскери техниканы тиеу және тасымалдау, жауынгерлік атыстарды ұйымдастыру және қол гранатасын лақтыру тәртібі бойынша сабақтарға қатысады.

"Жиындардың басты мақсаты - жауынгерлік дайындық іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде командалық құрамның әдістемелік дағдыларын жетілдіру, әскери қызметтің мәселелерін жақсарту және 2019 оқу жылындағы өңірлік қолбасшылықтың жұмысын қорытындылау. Биылғы жыл жауынгерлік дайындық пен күнделікті өмір сүру тұрғысынан мазмұнды болды, үлкен жұмыстар атқарылды", - деп атап өтті "Батыс" Өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Жиын соңында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің барлық бағыттар бойынша атқарған жұмыстары қорытындыланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны