26.08.2019, 12:09 56617

"Батыс" өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

Аталмыш конкурс Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің базасында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, "Үздік батальон сержанты", "Үздік рота сержанты", "Үздік взвод сержанты" және " Үздік бөлімше сержанты" номинацияларында бақ сынасты.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Әскери қызметшілер жақсы нәтижелерді көрсете отыра, сержанттар корпусының жауынгерлік даярлық жүйесіндегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

Аталмыш конкурс Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің базасында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, "Үздік батальон сержанты", "Үздік рота сержанты", "Үздік взвод сержанты" және " Үздік бөлімше сержанты" номинацияларында бақ сынасты.

Конкурс бағдарламасы сан түрлі тақырыптардан құралған болатын, олар: "Қайсар" әскери-спорт сайысы, "Барыс" әскери қоян-қолтық күресі, оқ дайындығынан "Мерген" этапы, әскери техниканы жүргізуден "Тұлпар", білімділер арасынан "Білімпаз" этапы, "Шебер" техникалық дайындық тақырыбы, "Денсаулық" әскери-медициналық дайындығы мен "Бағдар" әскери топография тақырыптары.

Конкурс нәтижесі бойынша "Үздік батальон сержанты" атағын 30238 әскери бөлімінен (Ақтобе) 3 сыныпты сержант Азамат Аскаровиеленді. "Үздік рота сержанты" атағы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі (Атырау) аға сержант Ермек Зайлагиға бұйырса, 75488 әскери бөлімінен (Ақтауа) сержант Мерей Дауренбеков "Үздік взвод сержанты", ал41433 әскери бөлімінен (Атырау) кіші сержант Темирлан Байзуллин "Үздік бөлімше сержанты" номинацияларында жеңімпаз атанды.

30238 әскери бөлімінің сержанты - 2 сыныпты сержант Мәди Ахметжановтың айтуы бойынша: "Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз келеміз. Бүгінгі күні, сержант корпусы "мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса" ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді".

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттарда назардан тыс қалмады.

Бүгінгі күні "Батыс" өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамы, жеке құрамның жауынгерлік және дене даярлығындағы, жоғары әскери тәртіпті ұстаудағы, күнделікті әскери қызмет үрдісін қадағалаудағы алатын орындары зор.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны