17.05.2019, 17:14 3313

Байқоңырда "Протон-М" зымыранының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады

Бүгін, 17 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік "Ямал-601" байланыс спутнигін ұшыруға арналған "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы зымыранының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәскеу. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін, 17 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік "Ямал-601" байланыс спутнигін ұшыруға арналған "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы зымыранының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ғарыштық бас бөлікті құрастыру бірқатар технологиялық операциядан құралады: "Ямал-601" ғарыштық аппаратын "Бриз-М"үдету блогымен түйістіруге көмектесетін өтпелі жүйеге қондыру; ғарыштық аппараттың үдету блогымен түйістірілуін электрлік тексерулер;бас бөліктің бекіткішін орнату және бұдан кейінгі Ғарыштық бас бөліктің электрлік тексерулері", - деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні "Ямал-601" Хруничев орталығында жасап шығарылған өтпелі жүйесімен түйістірілген. Оның құрамына ғарыштық аппарат пен өтпелі жүйені түйістіруді қамтамасыз ететін бөлу жүйесі, сондай-ақ, ұшырылым кезіндегі олардың бөліну жүйесі кіреді.

"Ямал-601" ғарыштық аппараты мен өтпелі жүйенің түйісуіне электрлік тексерулер аяқталғаннан кейін мамандар оны "Бриз-М"үдету блогымен түйістіреді.

Ғарыштық бас бөлікті құрастыру бірнеше күнге созылады. Ғарыштық бас бөлікті құрастыру жұмыстарын немесе бірлескен операцияларды интернационалдық құрама іске асырады. Бұл құрамаға Thales Alenia Space компаниясының (ғарыштық аппарат бойынша бас мердігер) француздық бөлімшесінің мамандары, Швецияның RUAG Aerospace компаниясының (бөлу жүйесін жасап шығарушы компания), Хруничев атындағы орталығының (зымыран-тасығыштығ үдету блогын, өтпелі жүйені және бас бөлікті жобалаушы және әзірлеуші компания) мамандары кіреді.

"Ямал-601" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" тасымалдағыш зымыраны мен "Бриз-М" үдету блогының ұшырылымы РФ-ның "Газпром космические системы" ("Газпром ғарыштық жүйелері") Акционерлік қоғамының мүддесіне сай жүзеге асырылатын болады.

"Михаил Васильевич Хрууничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы" АҚ ("Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді) "Протон" зымыран тасымалдағыштарының, "Бриз" сериялы үдету блоктарының, ресейлік жаңаша "Ангара" тасымалдағыш зымырандары тобының жобасын жасаушы және сериялы түрде өндіріп шығарушы компания болып табылады. Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы құрамына Мәскеуде және Ресей Федерациясының басқа да қалаларында орналасқан зымыран-ғарыштық техникаға арнап компонентттер мен құрамдас бөлшектерді өндіруші бірқатар шешуші компаниялар кіреді.

Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын алдағы ұшырылымды Қазақстан жағы экологиялық мониторинг жүргізу арқылы сүйемелдейді, атап айтқанда, "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметтері ауа мен топырақтан сынамалар алады. Топырақ сынамасы зымыран отынының құрамдас бөліктерінің және трансформациялану өнімдерінің болуына қатысты талданады. Ауада азот диоксиді, күкірт диоксиді, НДМГ, көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, қаныққан көмірсутектердің бар-жоғы тексеріледі. Зымыран тасығыштардың бөлінетін бөлшектерінің құлаған жерлерінен қоршаған орта нысандарынан зымыран отынының құрамдас бөліктері шектелген шамаден артық мөлшерде табылған жағдайда уытсыздандыру шаралары жүргізіледі және ластану деңгейі қауіпсіз көрсеткішке жеткенше бақылауда болады. Ластанған топырақты уытсыздандыру іс-шараларын Ресей тарапы жүргізеді.

2018 жылы "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" тасымалдағыш зымыранының екі ұшырылымына экологиялық тексеру жүзеге асырды.

2018 жылдың 19 сәуірінде ҚР Қорғаныс министрлігінің ғарыштық аппаратымен "Протон-М" тасымалдағыш зымыранының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Тағы бір ұшырылым 2018 жылдың 21-желтоқсанында іске асырылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан сағат 06.20-да "Протон-М" тасымалдағыш зымыраны ұшырылды.

"Протон-М" тасымалдағыш зымыранының ұшырылымдары қалыпты режимде жүргізілді және тасымалдағыш зымыранның сатылары белгіленген құлау аймағының шегінде жерге түсті.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды.

Құлау аймағынан қоршаған ортадан бірлесе отырып сынамалар алынды.

Топырақ сынамасы зымыран отынының құрамдас бөліктерінің және трансформациялану өнімдерінің болуына қатысты талданды. Ауада азот диоксиді, күкірт диоксиді, НДМГ (несимметричный диметилгидразин - симметриялық емес диметилгидразин, басқаша айтқанда, зымыран отыны - гептил), көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, қаныққан көмірсутектердің бар-жоғы тексерілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуір айында, кезекті ұшырылымнан кейін, "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып Байқоңырдан ұшырылған "Союз-2.1а" тасымалдағыш зымыранының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқарған болатын.

Еске сала кетейік, 4 -сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 17.01 -де "Союз-МС-11" №441 көліктік-жүк кораблін алып "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды. Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері (бүйір жақ блоктары) Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №49,70 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз-2.1а" зымыран тасығышына жанармай құю және оның ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті. Қоршаған орта нысандарынан сынама алынды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны