14.07.2019, 22:53 10804

Байқоңырдан "Протон-М" тасымалдағыш зымыраны "Спектр-РГ" ғарыштық аппаратын алып ұшты

Бұл аталған түрлі зымыран тасымалдағыштың ағымдағы жылғы екінші ұшырылымы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқоңыр. 14 шілде. Kazakhstan Today - "Байқоңыр" ғарыш айлағының №81 ұшырылым алаңынан 2019 жылдың 13 шілдесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 30 минут 57 секундта (15:30:57 мск) "ДМ-03" үдеткіш блогы мен "Спектр-РГ" ғарыштық астрофизикалық обсерваториясын алып "Протон-М" тасымалдағыш зымыранының сәтті ұшырылымы жүзеге асырылды.

Бұл аталған түрлі зымыран тасымалдағыштың ағымдағы жылғы екінші ұшырылымы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Белгілі болғандай, ұшырылым қалыпты режимде жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №25,15 белгіленген құлау аймағының (Ю-24 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында, Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында зымыран тасығышқа жанармай құю кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны