13.05.2014, 21:04 3362

Базалық зейнетақыны өзгерте отырып біз бірден үш ұрпақтың мәселесін шешеміз - ЕХИҚМ басшысы

Қазіргі таңда елдегі зейнетақы төлемі 3 деңгей бойынша жүзеге асырылуда: республикалық бюджеттен базалық зейнетақы, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін ортақ зейнетақы мен зейнетақы салымының жинақтау жүйесі. Осы орайда базалық зейнетақы барлығы үшін бірдей және 10 мыңнан сәл асады.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. ШҚО-ға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова облыс орталығының зейнеткерлерімен кездесті.

Жиында талқылангған басты мәселе зейнетақы төлемі жүйесіне өзгерістер енгізу жайы болды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Министрдің айтуынша, министрлік теңестірілген базалық зейнетақы мен оның еңбек өтілін ескере отырып төлеу ұсынысы дайындалды.

Қазіргі таңда елдегі зейнетақы төлемі 3 деңгей бойынша жүзеге асырылуда: республикалық бюджеттен базалық зейнетақы, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін ортақ зейнетақы мен зейнетақы салымының жинақтау жүйесі. Осы орайда базалық зейнетақы барлығы үшін бірдей және 10 мыңнан сәл асады. Жаңа есептеу әдісінің арқасында базалық зейнетақы барлық зейнеткер үшін бірдей болмай, еңбек өтіліне сай өзгеріске ұшырайды. Зейнеткерлердің назарына жаңа есептеу жүйесінің болжамды нұсқасы ұсынылды. Соған сай, зейнетақы төлеміндегі жаңалықтар бойынша орташа есеппен 10-20 мың теңгеге көтерілу көзделген. Сонымен қатар, қарияларға зейнетақыларын жаңа жүйе бойынша есептеу керектігі айтылды.

"Осылайша базалық зейнетақы жүйесін өзгерте отырып біз бірден үш ұрпақтың мәселесін шешіп береміз. Атап айтар болсақ, олар 98 жылға дейін төменгі жалақы алғандар, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін аз еңбек өтілі болғандар мен тек жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқандар", - дейді министр.

Айта кету керек, қазіргі таңда бұл ұсыныс ҚР Үкіметінің қарауына жіберілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны