23.10.2018, 17:53 5014

Бейбіт Атамқұлов Airbus компаниясыныӊ басшылығымен кездесті

Кездесу соӊында тараптар өзара тиімді стратегиялық әріптестіктіӊ маӊыздылығын бекітті, түрлі мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ бірлескен жобалармен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастырды.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today -ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов француздық "Airbus Defence and Space" ("Airbus D&S") компаниясыныӊ басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Кездесуге француз тарапынан "Airbus D&S" Бас хатшысы - Хьюг Лапорт-Вейвада, "Airbus D&S" ғарыш бөлімшесініӊ бірлескен кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі директоры - Жан - Ив Элорэ, ЖҚЗ спутниктерін сатушы менеджер - Ги Лимузан, Ресейдегі "Airbus D&S" басшысы - Владимир Терехов, ТОО "Airbus Kazakhstan" бас директоры - Блащишин Роман қатысты.

Келіссөз барысында тараптар ғарыш аппараттарыныӊ Құрастыру-сынау кешенін жүктеу және Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелерін коммерцияландыру мәселелерін талқыланды.

Кездесу соӊында тараптар өзара тиімді стратегиялық әріптестіктіӊ маӊыздылығын бекітті, түрлі мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ бірлескен жобалармен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазақстан Рсепубликасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігініӊ

Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны