31.07.2013, 14:23 7232

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының алғашқы телімі 2013 жылдың қазанында пайдалануға беріледі

Үстіміздегі жылдың қазанында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының алғашқы телімі пайдалануға беріледі, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқармасы төрағасының м.а. Данияр Берлібаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының алғашқы телімі 2013 жылдың қазанында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үстіміздегі жылдың қазанында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының алғашқы телімі пайдалануға беріледі, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқармасы төрағасының м.а. Данияр Берлібаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

"Биыл енгізуге тиіс алғашқы жоба - бұл "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының бірінші телімі. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, 2013 жылдың қазанында бұл жобаны іске қосамыз. Қазір жұмыс кестеден ерте жүріп жатыр, барлық сынақтар өткізілді", -деді компания басшысының м.а.

Үстіміздегі жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ жалпы құны 1,4 млрд доллар болатын 2 жобаны пайдалануға беруге тиіс еді - бұл "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының бірінші телімін іске қосу және Атырау қаласында ароматика өндіру бойынша зауыт құрылысы.

Сонымен қатар, бірқатар себептерге қатысты екінші жоба - ароматика өндіру бойынша зауыт биыл пайдалануға берілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны