09.04.2014, 19:32 2590

БЭК аясында бірыңғай валюта енгізу жоспарда жоқ - Б.Сағынтаев

Бірыңғай Экономикалық кеңістік аясында бірыңғай валюта енгізілу жоспарланып отырған жоқ, ұлттық валюта сақталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Бірыңғай Экономикалық кеңістік аясында бірыңғай валюта енгізілу жоспарланып отырған жоқ, ұлттық валюта сақталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"Бұл алыпқашпа сөздердің қайдан пайда болатынын білмеймін, біз бірыңғай экономикалық валюта құру мәселесін мүлде көтерген емеспіз және келісім жобасында да қарастырылмаған", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Қазақстан интеграциялық процестер кезінде өз валютасынан айырылмақ емес.

"Қазақстанда теңге қала береді", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Айта кету керек, Ресей Үкіметінің бірінші вице-министрі Игорь Шуваловтың мәліметінше, Кедендік Одақ елдерінің Орталық банкін құру жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны