20.10.2011, 14:47 4216

БЭК үш елдің бизнесін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ қабырғасында сөйлеген сөзінде еркін сауда-саттық аумағын құру мүмкіндігі туралы мәлім етіп, алға осындай міндет қойған еді. Бұл мүмкіндік ұзақ уақыт талқыланды. Нәтижесінде, 2009 жылы 9 маусымда ТМД елдерінің отырысында Ресей тарабы Еркін сауда-саттық аумағы туралы келісімшарт қабылдау туралы ұсыныс жасады",- деді Қазақстан Премьері Кәрім Мәсімов Кеден одағы Жоғарғы органының отырысында сөйлеген сөзінде.

Санкт-Петербург. 20-қазан. Kazakhstan Today - БЭК үш елдің бизнесін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайты Санкт-Петербургте Үкімет басшылары деңгейінде Кеден одағы Жоғарғы органының отырысы өткендігі туралы хабарлайды.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ қабырғасында сөйлеген сөзінде еркін сауда-саттық аумағын құру мүмкіндігі туралы мәлім етіп, алға осындай міндет қойған еді. Бұл мүмкіндік ұзақ уақыт талқыланды. Нәтижесінде, 2009 жылы 9 маусымда ТМД елдерінің отырысында Ресей тарабы Еркін сауда-саттық аумағы туралы келісімшарт қабылдау туралы ұсыныс жасады. Осыдан кейін барып жұмыс алға басты. Және кеше ТМД елдерінің арасында Еркін сауда-саттық аумағы туралы келісімшартқа қол қою туралы маңызды шешім қабылданды",- деді Қазақстан Премьері Кәрім Мәсімов Кеден одағы Жоғарғы органының отырысында сөйлеген сөзінде.

Премьер-Министр "сол кезде Кеден одағының болатынына ешкім сенбеді, алайда қазір ол бар, бұл ақиқат, тауар айналымы өсіп барады, біздің елдердің бизнесі бұдан пайда көріп отыр" деп атап айтты.

"2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЭК жұмысын үйлестіретін нақты институт - Еуразиялық экономикалық комиссия құру туралы келісімге келеміз деген сенімдемін", -деді К.Мәсімов өз сөзінде.

"БЭК - біздің бизнесімізге кеңістіктегі барлық басымдықтарға қол жеткізуге көмектесетін ықпалдастықтың терең деңгейі", - деп түйіндеді Кәрім Мәсімов өз сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны