19.05.2009, 15:54 2881

"Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 28 тонна балық, оның ішінде 1,8 тоннадан астамы бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді

"Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 28 тонна балық, оның ішінде 1,8 тоннадан астамы бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді

Астаан. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 28 тонна балық, оның ішінде 1,8 тоннадан астамы бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, заң бұзушылардан 28 тонна балық, оның ішінде 1,8 тоннадан астамы бекіре тұқымдас, 8 кг жуық уылдырық, 879 аулау құралы, 55 жүзу құралы тәркіленді. Келтірілген шығын 5 млн астам теңгені құрады.

Іс-шара басталғаннан бері 895 заң бұзушылық айқындалды, заңсыз балық аулағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз сатып алу немесе балықты және оның өнімдерін сату жөніндегі 183 - бабы бойынша 34 қылмыстық іс қозғалды. 830 әкімшілік заң бұзушы жауапкершілікке тартылды, 2 млн 952 теңге айыппұл өндіріп алынды.

ІІМ мәліметінше, Орал-Каспий бассейні аумағында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын ішкі істер органдары 202 тәртіп бұзушылықты, оның ішінде 127 заңсыз аулау, 26 сатып алу немесе сату, балық және балық өнімдерін тасымалдаудың 49 оқиғасын анықтады. 49 бірлік автокөлік құралдары, 210 заң бұзушы ұсталды.

Ішкі істер органдары балықтар уылдырық шашатын кезеңде белсенді браконьерлік іс-әрекет байқалатынын ескере отырып, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан су қоймаларында, республиканың басқа да су қоймаларында балық қорын қорғау бойынша облысаралық бассейндік басқармалар қызметкерлерімен бірлескен браконьерлікке қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны