24.04.2024, 18:12 157036
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады).
Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды.
Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты.
Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.07.2024, 15:40 24626
Абай облысындағы жылумен жабдықтау мәселесі өте күрделі - Бектенов
Достарға айту
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министрге энергетика саласын және жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жоспары мен қазіргі жағдайы туралы баяндалды. Абай облысы "қызыл аймақтағы" өңірлердің қатарына кіреді. Облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 64,2%-ға жетеді. Бүгінгі таңда 28 жоба іске асыру сатысында. 37,9 шақырым желі мен 17 жылу көзін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға 10,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков осы жылдың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде коммуникациялар тозуының 57,7%-ға дейін төмендеуі күтіліп отырғанын айтты.
Олжас Бектенов ЖЭО-1-де жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Атап айтқанда, су жылыту қазандығы мен сорғы тобының төртінші қазандығы жаңғыртылды. 90 жылдық тарихы бар жылу көзі "қызыл аймақтағы" объектілердің тізіміне енгізілген, және қаладағы ең ірісі болып саналады. ЖЭО-1 "Теплокоммунэнерго" МКК құрамына кіреді. Сондай-ақ кәсіпорынға 70 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз ететін 76 жылу пункті мен 21 қазандық кіреді. Белсенді тұрғын үй құрылысын және қолданыстағы жылу желілерінің жоғары тозу деңгейін ескере отырып, жылу және электр қуатының тапшылығы байқалады.
Қазіргі таңда Семей қаласының сол және оң жағалаулары автономды түрде жылумен жабдықталған. ЖЭО-1 сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді, оң жағалауда бұл функцияны 21 қазандық атқарады.
Үкімет басшысы ЖЭО-3 және оның магистральдық желілерін салу жобасының іске асырыла бастағанын еске салды. Жобаны 2030 жылға дейін 3 кезеңде іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. ЖЭО-3 пайдалануға берілгеннен кейін қазандықтар сорғы-сүзгі стансалары режимінде жұмыс істейтін болады, яғни жылу энергиясын тікелей үйлерге жеткізеді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оң жағалауда сағатына 146,99 Гкал құрайтын тапшылық мәселесі шешілмек.
Биыл 44 көппәтерлі тұрғын үйді, 1200 орынға арналған мектепті және нефрологиялық орталықты пайдалануға беру жоспарланып отырған Қарағайлы ауданының қарқынды құрылысын ескере отырып, Премьер-Министрге қуаты сағатына 21,5 Гкал құрайтын блокты-модульді қазандық салу жобасы таныстырылды. Құны шамамен 5,9 млрд теңге болатын энергетика объектісін салу жұмыстары құрылыс салушының қаражаты есебінен басталды.
"Абай облысында, оның ішінде Семей қаласында жылумен жабдықтау мәселесі өте күрделі екені белгілі. Инженерлік желілердің тозуы мен жергілікті ЖЭО жағдайы бойынша өңір "қызыл аймаққа" жатады. Осы жылдың соңына дейін жылу көздерін сапалы жаңғырту жұмыстарын жүргізу - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында", - деді Олжас Бектенов.
Жылу желілерін жаңғырту, апаттық жағдайлардың алдын алу, тозуды азайту және инфрақұрылымның эксплуатациялық сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Энергетика, Қаржы министрлігіне ЖЭО-3 магистральдық желілері құрылысын қаржыландыру тетігін пысықтау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 14:07 26956
Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады
Достарға айту
Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайға барды. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды.
Экскурсия барысында қонақтарға "Берел" Қазақстан аумағында органикалық заттар табылып, сақталған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдар табылып, көпке танымал болды.
Сондай-ақ қонақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттармен танысты.
Айта кетейік, қорық-мұражай қазақстандықтар арасында танымал. Жыл басынан бері "Берелге" бес мыңға жуық турист келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 14:00 27531
Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды
Достарға айту
Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы тексеру барысында 2011 жылы "Сильвер СК" ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапты аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық бергені анықталды, деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бұдан әрі Жоғарғы Соттың 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімімен "Сильвер СК" ЖШС банкрот деп танылған және толыққанды қорықшылық қызметті ұйымдастыру үшін ресурстары болмаған.
Алайда, уәкілетті орган тарапынан жерді мемлекет қарамағына қайтару жөнінде шаралар қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 13:30 28221
Сот Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды
Достарға айту
Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының "Ардагерлер саябағының" 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған).
Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура заңның сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 13:26 28451
ҰҚК қазақстандықтарды Ресеймен шекарадағы БӨП-да қозғалыстың шектелуі мүмкін екендігі туралы ескертті
Достарға айту
ҰҚК Шекара қызметі а.ж. 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан - Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.
"Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған", деп хабарлайды
ҰҚК баспасөз қызметінен.
Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 13:22 28651
"Семей орманы" резерватындағы орманның оннан бір бөлігі өртеніп кеткен
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында "Семей орманы" табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда былтырғы маусым айында орын алған, 66 мың гектарға жуық орман қоры зардап шеккен ірі орман өртінің салдарын жою мақсатында ағаштарды көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Үкімет басшысы табиғи резерват аумағындағы орман тәлімбағы кешені мен ағаш тұқымы стансасын аралап көрді, онда заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі. Бір жылда мамандар екі рет: жалпы 3 млн көшетке дейін алады. Жабық тамыр жүйесі бар көшеттердің сапасы дәстүрлі әдіспен өсірілетіндерден жоғары, бұл орман дақылдарының жоғары деңгейде жерсінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ резерват аумағында Ертіс өңірінің таспа қарағайын өсіру және қалпына келтіру жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Семей орманы" резерватының аумағына 70 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Сонымен қатар сау көшеттерді дің зиянкестерінің таралуынан және қурап жатқан орманның жаңа ошақтарының пайда болуынан сақтау және қорғау мақсатында өртенген сүрекдіңдер кесіледі. Күйген ағаштарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім - ЛАБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда Семей қаласының индустриалды аймағындағы 55 га жер телімін тіркеу рәсімі жүргізілуде. Бұл ретте өткен жылы табиғи резерват аумағында өз күшімен 38,3 мың текше метр жұмыр ағаш дайындалды. Жоба аясында 530 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Үкімет басшысы "Семей орманы" аумағында құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті. Бүгінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтады.
"Өткен жылы алапат өрт орын алды - біз 66 мың га орман қорын жоғалттық. Бұл бүкіл "Семей орманы" алқабының оннан бір бөлігі, сондықтан орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша биыл бірінші болып соққы қабылдайтын ТЖМ және орман шаруашылығы құрылымдарын техникамен жабдықтау бағдарламасын қолға алдық. Аталған бағдарламаны жалғастырып, сіздерді заманауи техникамен қамтамасыз етеміз. Айтқым келген тағы бір маңызды мәселе - заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы. Олармен күресу керек. Сіздер олардың бар екенін менен жақсы білесіздер. Мен тіпті жекелеген қызметкерлерге заңсыз ағаш кесуге кедергі келтірмеу қаупі төніп тұрғанын білемін. Міне, мұнымен күресу керек. Бұл жерде Ішкі істер министрлігі өте мұқият назар аударуы қажет. Орман - біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар - мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-Министр материалды-техникалық базаны жаңарту, орман шаруашылығы қызметкерлерін қолдау шаралары мәселелерін көтерді. Мәселен, 2023-2027 жылдарға арналған "Семей орманы" резерваты үшін материалдық техникалық жарақтандыруды кезең-кезеңімен нығайту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 бірлік арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды. Жұмыс жалғасуда.
Президенттің тапсырмасы бойынша орман және табиғатты қорғау ұйымдары қызметкерлерін қолдау мақсатында өткен жылы мемлекеттік орман күзетінің 12 876 қызметкерінің жалақысы 100%-ға көтерілді. Биыл Үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Орман өрт сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғатты қорғау және орман орналастыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылды. Аталған мақсаттар үшін 2024-2027 жылдарға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қарастырылған.
Үкімет басшысы өрт қауіпсіздігінің маңыздылығына тоқталып, "Семей орманы" резерватының, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдікке өртке қарсы қызметтердің күштері мен құралдарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.
"Орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды. Апаттың алдын алу шараларын қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде толықтай жүзеге асыру маңызды. Ол үшін біз резерватты жарақтандыруды жалғастырамыз, оның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнатамыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Абай облысының әкімдігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Семей орманын" материалдық-техникалық жарақтандыру және орман алқабын молайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ күйген ағаштарды кәдеге асыру жөніндегі жобаны іске асыруға қолдау көрсету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.07.2024, 15:41 53381
Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды
Достарға айту
Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты. Іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов болды.
Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ескі қан орталығы облыстық көпсалалы медициналық орталықтың ғимаратында орналасқан болатын. Қызметкерлер ондай тығыз жағдайда жұмыс істеу қиын болды, деп еске алады.
"Бүгін біз жаңа Қан орталығының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Жылына 10 мың адамға қызмет көрсете алатын нысан аймақ үшін үлкен маңызға ие. Біздің басты мақсатымыз - ұлт денсаулығын сақтау. Дені сау ұлт - мемлекетіміздің дамуының кепілі", - деп атап өтті вице-премьер.
Тамара Дүйсенова сөз барысында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы да айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде елді мекендерде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Аудандық ауруханалар да жаңғыртылады.
Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарлануда.
Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.07.2024, 12:18 54006
Үкіметте төтенше жағдайларға ден қою мәселелері талқыланды
Достарға айту
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан анықталған ТЖ-ға ден қою проблемаларын талдау бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында үш негізгі мәселе талқыланды: ТЖ жағдайында жедел ден қою үшін республикалық және өңірлік штабтардың өкілеттіктерін кеңейту, техника мен жабдықтарды тасымалдау тетігі, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде мүлікті сақтандыру, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер халық пен бизнеске келтірілген залалды өтеу кезінде туындаған проблемаларды ерекше атап өтті. Қанат Бозымбаев Қаржы, ТЖ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібін қайта қарауды тапсырды.
Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінен жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 291 өтінім келіп түсті. Қаражат қазірдің өзінде өңірлерге Үкіметтің резервінен бөлінді, бірақ өтініш берушілердің үштен біріне ғана жетті. Осыған байланысты вице-премьер "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулерін назарға ала отырып, бизнеске төлем жасаудың әдістемесін пысықтауды, оның ішінде АӨК кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеуді тапсырды.
"Мұндай бюрократия тұрғындар арасында наразылық тудырады. Осы жағдайды анықтау үшін бұл істі қолға аламын. Біз су тасқыны туралы емес, су тасқыны мысалында әрекет ету жүйесінің дайындығы туралы айтып отырмыз. Біз ТЖ-ға тез ден қойып, зардап шеккен азаматтар мен ШОБ үшін қажетті көмекті жедел жеткізуіміз керек. Жұмыс тобын құрып, барлық рәсімдерді жеңілдетіңіздер", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.07.2024, 13:22"Семей орманы" резерватындағы орманның оннан бір бөлігі өртеніп кеткен 26.07.2024, 13:26 28191ҰҚК қазақстандықтарды Ресеймен шекарадағы БӨП-да қозғалыстың шектелуі мүмкін екендігі туралы ескертті26.07.2024, 13:30 27961Сот Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды26.07.2024, 14:00 27271Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды26.07.2024, 14:07 26696Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады
23.07.2024, 16:36 78431Ауылдық жерлерде 102 МСАК нысанының құрылысы аяқталды23.07.2024, 16:32 60556Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды23.07.2024, 15:49 54571Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады23.07.2024, 16:31 54411Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Үкімет "таза" 5%-бен тікелей субсидиялау тетігін енгізді23.07.2024, 16:15 54221ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыста
19.07.2024, 15:22 109346Ақтөбеде тұрғын үйлерді сапасыз салу бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды19.07.2024, 21:29 106136Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады27.06.2024, 20:26 104181Кіші Аралдың жағдайы тексеріліп, суды үнемдеу және экология мәселесі қолға алынады19.07.2024, 15:18 Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты103266Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты19.07.2024, 15:16 100886Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді