06.09.2016, 11:46 3625

Беларусь "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ комиссары Рәпіл Жошыбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ комиссары Рәпіл Жошыбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Сапар аясында Р.Жошыбаев Беларусь Республикасыныӊ Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Андрей Евдоченко мен беларусьтық іскерлік орта өкілдерімен кездесті.

Р. Жошыбаев Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық туралы ақпарат берді, көрме 2017 жылдыӊ 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін өтеді. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ комиссары 2017-2018 жылдары БҰҰ тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанныӊ кандидатурасын қолдағаны үшін Беларусь еліне алғыс білдірді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, екі елдіӊ салалық ведомстволарыныӊ өзара байланыстын атап өтті. А.Евдоченко өз тарапынан көрменіӊ тақырыбын ескерді, себебі 2020 жылға қарай Беларусь баламалы энергия көздерініӊ үлесін ұлғайтуға ниетті. Оған қадамдардыӊ бірі Минск қаласында салынған қуаттылығы 5,7 МВт электр станциясы болып табылады.

Кездесудіӊ басты қорытындысы Беларусь Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны