09.11.2009, 15:40 2758

Беларусь Қазақстан аумағында 37 жобаны жүзеге асыруға ұсынып отыр

Беларусь Қазақстан аумағында 37 жобаны жүзеге асыруға ұсынып отыр

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Беларусь Қазақстан экономикасын индустрияландыруға көмектесетін 37 жоба ұсынып отыр. Бұл туралы Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен жүргізген келіссөзінен кейін Беларусь премьер-министрі Сергей Сидорский мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан президентінің елді индустрияландыру туралы үкіметтің алдына қойған міндетіне Беларусь экономикасының жоғары ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалана отырып, экономиканы жеделдетіп жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жөнінде бірқатар ұсыныстар жасап отырмыз. Біз 37 жоба ұсындық. Олардың барлығы әріптесім К. Мәсімовпен бірге пысықталған. Бүгінгі келіссөздер барысында сол жобаларды талқыладық. Біздің ұсынып отырған жобаларымыз Беларусь Республикасының қарқынды технологиялары есебінен және ауыл шаруашылығы өндірістік техникасы мен технологиясының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстанда астық, қызылша және картоп өндірісін ұлғайтуды көздейді", деді С. Сидорский.

Оның сөзіне қарағанда, осылайша Беларусь пен Қазақстан қарапайым уағдаластықтардан алшақтап, күрделі әрі қиын жұмыстарға көшуде. С. Сидорский Беларусь тарапы сонымен қатар, Қазақстанда сүт өндірісін ұлғайту және тауарлық сүт фермаларын дамыту жөніндегі жобаны ұсынғанын жеткізді.

"Біз Қазақстанда сүтті жылдамдатып өндіруді қамтамасыз ететін кең ауқымды техника құрудың келешегі зор екенін көріп отырмыз", деді ол.

Оның айтуынша, Беларусь елінде жылына 100-ден астам тауарлық сүт фермалары салынып, 200-ден астамы қайта жаңартылады. Соның нәтижесінде сүт өндірісі бірнеше есе ұлғайған.

"Сонымен қатар, біз Қазақстанда медицина, рентген техникасы, күрделі тұрмыстық техника өндіру саласындағы бірқатар нақты жобаларды ұсынып отырмыз. Сондай-ақ біз қазақ әріптестерімізге экономиканың жекелеген салалары үшін нақты жобаларды ұсындық. Біз қазақ мамандарын Беларусьтің мамандандырылған технологиялық институттарында және жоғары оқу орындарында дайындайтын болып келістік. Бүгін тұтастай алғанда 37 жобаны талқыладық. Олардың барлығы Қазақстан үкіметі тарапынан қолдау тапты", деді С. Сидорский.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны