Система Orphus

Беларусь Республикасыныӊ Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасыныӊ Төрағасы Қазақстанға келу ниетін білдірді

17.04.2015, 20:50 1773

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Минскіде Қазақстан Республикасыныӊ Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегеновтыӊ Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасыныӊ Төрағасы Владимир Андрейченкомен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі екі елдіӊ парламентаралық ынтымақтастығыныӊ қарқындылықпен өсуін атап өтті және қазақстандық тараптыӊ Беларусь Парламенті төменгі палатасыныӊ спикерін Астанада ресми сапармен қабылдауға дайын екенін растады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Е. Бөлегенов сұхбаттасын Қазақстандағы маӊызды ішкі саяси жағдайлар жөнінде, ағымдағы сайлау үдерісі жайында, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20-жылдығы мен Қазақ хандығыныӊ 550-жылдығын тойлау, Астаналық экономикалық форумды, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезін, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандырылған көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары туралы ақпараттандырды.

Халықаралық күн тәртібініӊ мәселелеріне тоқтала келе, дипломат Қазақстанныӊ 2015 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етуініӊ бастапқы міндеттері, соныӊ ішінде Жеӊістіӊ 70-жылдығын тойлау шаралары туралы хабар берді. Барлық бауырлас республикалардыӊ Белорус жерінде қаза тапқан жауынгерлерініӊ естелігіне зор құрмет көрсетіп жатқаны үшін Белорус тарапына шынайы алғысын білдірді.

В. Андрейченко берілген ақпарат үшін алғысын білдіріп, бауырлас Қазақстанда болып жатқан бар жаӊалықтарды зейін салып бақылап отыратындығын айтты. Ол Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын бақылау үшін ТМД Парламентаралық ассамблеясы тарапынан 27 адамнан құрылған бақылаушылар миссиясы жіберіліп, оны Белорус Ұлтық Жиналысыныӊ Өкілдер палатасы Төрағасыныӊ орынбасары Виктор Гуминскийдіӊ басқаратындығын хабарлады. Белорустар, сонымен бірге, өзге де тіркелген бақылаушылар миссиялар құрамында жұмыс істейтін болады деп айтты ол.

Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасыныӊ Төрағасы 2015 жылы маусымда Астанаға сапармен келуге дайын екенін хабарлады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны