22.05.2019, 16:47 15247

Бердібек Сапарбаев "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесу өткізді

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған 235 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады. Оның 4787-сі Нұр Сұлтанда тұрады.

Нұр-Сұлтан. 22 мамыр. Kazakhstan Today - 16 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қатысты.

Кездесу барысында көпбалалы аналарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.Қолданыстағы жеңілдіктерден басқа- зейнеткерлікке 53 жаста мерзімінен бұрын шығу, жұмыс істемейтін ананың 3 жасқа дейінгі баласының күтімі бойынша кезеңінің еңбек өтіліне қосылуы, салық пен бажсалығының кейбір түрлерін төлеуден босату құқығы, тұрғын үйге жеңілдетілген кезекке тұрғызу және мұндай санаттағы азаматтарға мемлекеттік қолдауды күшейтудің қосымша шаралары да қарастырылуда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Мәселен, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысты арттыру үшін көпбалалы ауылдықтарға жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың микрокредит беріледі.

Сонымен қатар, көпбалалы аз қамтылған ауылдық отбасылар үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақыны субсидиялаумен үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.

Сондай-ақ, Министрлік әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетте жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 11 шара қамтылған.

Әкімдіктердің мәліметінше, 2019 жылы 287 мың бала мектептерде тегін тамақпен, 553 мың адам тегін жол жүрумен, 219 мың оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен, 30 мыңға жуық бала балабақшаларда орынмен қамтамасыз етіледі, 186 мың бала лагерьге жолдама алады, 460 мыңнан астам адам бір жолғы көмек алады, 5 мың АӘК алушы жұмыспен қамтылады, 5 мың адам тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Жалпы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 83,1 млрд.теңгеге 821 мың адамды қамту жоспарлануда.

Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалпы білім беру қоры аясындағы қолдау, санаториялық-курорттық емдеу, медициналық қызмет көрсету, соның ішінде стоматологиялық қызмет көрсету және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы сұрақтар қойды.

Сол жерде консультация мен барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді. Еңбек министрлігінің басшылары ведомство құзыретіне кіретін мәселелерді шешуді жеке бақылауға алды.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған 235 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады. Оның 4787-сі Нұр Сұлтанда тұрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны