11.07.2026, 09:42 50296

Берел ауылында Ақтан Нұрбаевтың құрметіне арналған поэзия кеші өтті

Берел ауылында Ақтан Нұрбаевтың құрметіне арналған поэзия кеші өтті
Сурет: ШҚО әкімдігі
Берел ауылында "Патшалар алқабы" тарихи-мәдени кешенінде "Төр Алтай Ақтанын жырлайды" атты республикалық поэзия кеші басталды. Іс-шара халықаралық "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" фестивалінің аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

ШҚО әкімдігі

Бұл іс-шара Катонқарағай ауданында өтіп жатқан "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалінің алғашқы маңызды шараларының бірі болды.

Кеш көрнекті қазақ ақыны Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығына арналды. Берелге Қазақстанның түкпір-түкпірінен ақындар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері және фестиваль қонақтары жиналды.

ШҚО әкімдігі

Іс-шараға Қазақстан мен шетелден келген 16 ақын қатысты. Олар Ақтан Нұрбаевқа арналған жаңа туындыларын ұсынып, туған жер, ұлттық рух және дәстүрлі құндылықтар туралы жырларын оқыды.

ШҚО әкімдігі

Кешті белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізді. Ол Ақтан Нұрбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айта келе, ақын шығармаларында туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрініс тауып, ұлттық рух дәріптелетінін атап өтті.


Ашық аспан астында өткен поэзия кеші жастарды Ақтан Нұрбаевтың әдеби мұрасымен таныстыруға және олардың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

ШҚО әкімдігі

ШҚО әкімдігі

ШҚО әкімдігі
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны