12.03.2008, 13:14 2983

Бес тонна бидайды контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Бес тонна бидайды контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Сыпатай батыр" заставасының шекарышылар жасағы бес тонна бидайды контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контрабандалық жүк тиелген екі автокөлікпен Қырғызстанға бет алған Қазақстан мен Қырғызстан азаматы ұсталды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шекара бұзушылар өткізу бекетінен тыс жерден өтпек болған. Өткен аптада мемлекеттік шекараның тағы да осы бөлігінде тараздық шекарашылар 50 тонна бидайды алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кескен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны