31.01.2014, 18:52 6606

БҒМ басшысы 2014 жылғы ғылым дамуының басты 3 бағытын анықтады

"Біріншісі - біз ҰЗИ-да әріптестік органын құруымыз керек. 2015 жылдан бастап мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру ҮИИД-дың басымдылықтарына негізделетін болады. Биыл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды өткізудің механизмі дайындалады", - деді министр.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы ғылым 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің отырысында ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"Біріншісі - біз ҰЗИ-да әріптестік органын құруымыз керек. 2015 жылдан бастап мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру ҮИИД-дың басымдылықтарына негізделетін болады. Биыл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды өткізудің механизмі дайындалады", - деді министр.

Екінші бағыт бойынша 2014 жылы ғылыми ұйымдарға гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында PhD докторларын дайындауға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

"Бірқатар ЖОО мен ҰЗИ, ұлттық инженерлік лабораториялар заманауи ғылыми қондырғылар және материалдармен жарақтандырылатын болады. "Ғылым" ақпарттық жүйесінің веб-порталында биылдан бастап ғылыми қондырғылар мен құрылғылар паркін есептеу өткізіледі", - дейді министр.

Оның айтуынша, "ғылымның зерттеу тиімділігін, ҮИИД міндеттемелеріне сай нәтижені коммерциялау мәселелерін шешу керек".

"Ғылыми-зерттеу ұйымы сапасы" Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішінде біз 102 орында тұрмыз. Ішкі аудитті басқару және бақылау комитеті ЖОО жұмыстарындағы заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын активизациялау керек", - деді Аслан Сәрінжіпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны