04.12.2013, 18:47 2654

БҒМ басшысы дипломатиялық уәкілдік өкілдерімен білім беру жүйесінің дамуын талқылайды

Астанада Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дипломатиялық уәкілдік өкілдерімен кездесу өткізді.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дипломатиялық уәкілдік өкілдерімен кездесу өткізді.

Шараға дипломатиялық уәкілдік өкілдері мен жетекшілері шақырылды. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар.

Кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық, халықаралық келісімдер мен студенттермен алмасу сынды сұрақтар қарастырылды.

Сондай-ақ, аталмыш кездесуде ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықаралық келісім шартының аясында білім алып жүрген студенттер баяндама жасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны