24.01.2013, 12:24 3239

Биыл ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлейді

2013 жылы ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны - инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлейді, деп хабарлады бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысы және 2050-Стартегиясын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Биыл ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылы ҚР Үкіметі екі жаңа мемлекеттік бағдарламаны - инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлейді, деп хабарлады бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысы және 2050-Стартегиясын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы мәжілісте сөйлеген сөзінде.

"Үкімет жұмысының басты бағытын Сіз "2050-Стратегиясында" анықтап бердіңіз. Үкімет оны жүзеге асырудың жан-жақты жоспарын қабылдады. Үстіміздегі жылы Үкімет екі маңызды бағдарламаны әзірлеп, сіздің қарауыңызға ұсынады. Бұл инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы", - деді С.Ахметов.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы атап өткендей, Министрлер кабинеті жұмысының негізгі бағыттарының бірі өңірлермен мақсатты түрде жұмыс істеу болып табылады. Осылайша, жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігі экономикалық өсу нүктелері, кәсіпкерлік, ТКШ, құрылыс, жергілікті өзін-өзі басқаруды қоса алғанда, аумақтық даму мәселесін үйлестіру мен шешудің басты орталығына айналады.

Премьер-Министр барлық бағдарламалар өңірлік даму призмасы арқылы іске асырылатын болады деп сендірді, сөйтіп, барлық бағдарлама әрбір қалаға, ауданға, ауылға жетеді және оның тиімділігін елдің әрбір тұрғыны сезінетін болады.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметі шетелдік инвестицияны тікелей тарту, мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік, экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмыстарды да жалғастырады.

С.Ахметов сондай-ақ инфрақұрылымды кең көлемде дамыту біраз инвестицияны талап етеді деп атап өтті.

"Жеке инвесторлардың қаржысын тарту үшін ынталандыру және жағдай жасау өте маңызды ", - деді Премьер-Министр.

Үкімет мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктің түрлерін кеңейтетін және жеке инвесторларға көбірек кепіл беретін заң жобасын әзірледі. Тақау арада ол республика Парламентінде болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны