15.07.2008, 19:56 2628

Биыл орман өрттерінің саны екі есе өскен - ҚР ТЖМ

Биыл орман өрттерінің саны екі есе өскен - ҚР ТЖМ

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Биыл орман өрттерінің саны екі есе өскен. Бұл туралы бүгін брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің Өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасының орынбасары Болатбек Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының аумағында орман өрттерінің айтарлықтай өскені байқалып отыр. Оның саны екі есе ұлғайып, олардан келген материалдық шығын 17 пайызға өсіп, 60 млн. теңгені құрады", - деп мәлімдеді Б. Омаров. Оның мәліметтеріне сүйенсек, орман өрттерінің көлемі 3 мың гектардан асып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны