10.07.2018, 18:08 4914

Биылғы халықаралық армия ойындары Қазақстан, Ресей, Беларусь, Иран және Армения аумағында өтетін болады

Естеріӊізге сала кетсек, биылғы халықаралық армия ойындары 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Иран және Армения аумағында өтетін болады. Қазақстан Республикасыныӊ территориясында 28 сайыстыӊ 3 өткізіледі, олар "Уверенный прием", "Мастера артиллерийского огня" и "Соколиная охота" конкурстары. Осы жылы ойынға қатысушы мемлекеттер саны 30-дан асты.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілері 2018 жылғы халықаралық армия ойындарына әзір.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ үздік танк экипажы мен үздік мергені Қазақстан Қарулы Күштері атынан 2018 жылғы халықаралық армия ойындарына қатысады.

Биылғы жылы "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы өз әскери қызметшілерін халықаралық армия ойындарына қатысу үшін жан-жақты дайындаған болатын. Алдын-ала түрлі конкурс санаттарында командалар жинақтап, қаӊтар айынан бері дайындық басталып кетті. Іріктеу сайыстарында еӊ үздік нәтиже көрсеткен танк экипажы мен үздік мерген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ "Танк биатлоны" мен "Снайперский рубеж" конкурсына қатысады.

"Танк биатлоны" конкурсыныӊ негізгі құрамына Ақтау қаласы 25744 әскери бөлімініӊ механик-жүргізушісі аға сержант Тоқтар Бажиев пен көздеуші-оператор аға сержант Айдар Талапов жақсы нәтиже көрсетіп, бүгінгі күні Аягөз қаласындағы "Майлино" полигонында соӊғы дайындықтарын жүргізуде. Сонымен қоса, "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ үздік мергені Атырау қаласы 41433 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі кіші сержант Артур Адилов та "Снайперский рубеж" конкурсына қатысатын негізгі құрам мүшесі атанды. Былтырғы Отар кентінде өткен осы конкурста, кіші сержант Артур Адилов Қазақстан Қарулы Күштеріне бірінші орын алып келген болатын. Биыл "Танк биатлоны" жарысы Ресей Федерациясы, Мәскеу облысындағы әйгілі "Алабино" полигонында өтсе, "Снайперский рубеж" мергендер сайысы Беларусь Республикасыныӊ Минск қаласында өтеді.

Естеріӊізге сала кетсек, биылғы халықаралық армия ойындары 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Иран және Армения аумағында өтетін болады. Қазақстан Республикасыныӊ территориясында 28 сайыстыӊ 3 өткізіледі, олар "Уверенный прием", "Мастера артиллерийского огня" и "Соколиная охота" конкурстары. Осы жылы ойынға қатысушы мемлекеттер саны 30-дан асты.

Халықаралық армия ойындары тәріздес іс-шаралар тек қана әскери қызметшілер үшін ғана емес, барша мемлекет үшін маӊызы зор. Себебі, сайысқа дайындық және оны өткізу барысында Қарулы Күшетерініӊ күш-қуаты артумен қатар, халыаралық ынтымақтастық деӊгейі де жоғарылай түседі.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы басқармасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны