22.01.2009, 18:13 3294

Білім беру жүйесіне жоспарланған барлық шығындар орындалуға тиіс - Кәрім Мәсімов

Білім беру жүйесіне жоспарланған барлық шығындар орындалуға тиіс - Кәрім Мәсімов

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Білім беру жүйесіне жоспарланған барлық шығындар орындалуға тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қабылданған дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында білім беру жүйесі үшін 2009 жылды тауқыметтерсіз артқа тастау үшін қажетті нақты шешімдерді табу қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Білім беру жүйесі қандай жағдайда да зардап шегуге тиіс емес. Барлық жоспарланған қаражат жұмсалуға тиіс. Республикалық бюджетте көрсетілген барлық параметрлер атқарылуға тиіс. Білім беру жүйесі тек өзін қорғап қана қоймай, кейбір басқа салалардағы қаржы дағдарысының зардаптарын бәсеңсітуге көмектесуге тиіс", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны