26.04.2016, 12:40 3890

Білім саласындағы өзгерістерді қоғаммен жан-жақты талқылау қажет - Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ XXIV сессиясында білім беру саласындағы өзгерістерді қоғаммен жан-жақты талқылау қажеттігін айтты

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ XXIV сессиясында білім беру саласындағы өзгерістерді қоғаммен жан-жақты талқылау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Білім беру саласындағы бастамалар, оныӊ ішінде бес күндікке көшу мен үш тілділікті енгізу қызу талқыға түсті. Еӊ алдымен бұл мәселені ұстаздармен талқылау керек. Мен, мәселен, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Біздіӊ балаларымызға артылған жүк өте орасан. Ал бес күндікті пәндерді қысқарту есебінен жасамау керек. Айталық, қазақ тілі мен әдебиеті бір пән болса? Сол сияқты орыс тілі мен әдебиеті, тарих пен географияны біріктіруге болады. Біз балаларға бәрін тықпалаймыз. Илемде мұндай жоқ. Біз кейде америкалықтарды Тәжікстан мен Ауғанстанды айыра алмайды деп сынаймыз. Шыны осы, бірақ олар мұны өмір сүре келе біледі. Ал мектепте олар өмір сүруді, алған білімін өмірде қалай пайдалану қажеттігін, аяққа тұруды үйренеді", - дейді Президент, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Елбасыныӊ айтуынша, білім саласындағы өзгерістерді ұстаздармен, ата-аналармен талқылау қажет.

"Бұл өзгерістер білім сапасын арттыру үшін қажет. Барлығы жан-жақты талқыланғаннан кейін шешілуі тиіс", - деп атап өтті Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны