18.05.2015, 14:39 3707

Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды жеткізушілерге талапты күшейтуде

Өӊірлерде оқулық жеткізушілеріне талап күшейтілді. Бүгін Мәжілісте "Оқулықтардыӊ сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету" атты тақырыптағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Өӊірлерде оқулық жеткізушілеріне талап күшейтілді. Бүгін Мәжілісте "Оқулықтардыӊ сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету" атты тақырыптағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мектептерді оқулықпен қамтамасыз ету процесіндегі осал тұстыӊ бірі - оқулықты мектепке дейін жеткізу. Осыған байланысты министрлік оқулықты өӊірлерге жеткізушілерге талапты күшейтіп отыр. Атап айтқанда, оларда арнайы техникалар, қоймалар, дайындалған персоналдар болуы керек. Оқу әдебиеттерін жеткізу мерзімдеріне де талаптар күшейтіледі", - деді министр А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы оқулыққа қосымша қажеттілікті нақты болжаудыӊ маӊыздылығын да атап өтті. Оныӊ сөзіне қарағанда, бұндай нақты болжау мектеп кітапханаларыныӊ қорын толықтыруға септігін тигізетін болады.

"Бұл міндетті шешу үшін министрлік арнайы нұсқаулықтар әзірледі. Онда мектеп кітапханаларын толықтыру, оларды жаӊарту тетіктері қамтылып, кітапхана қорларынан ескірген оқулықтарды алу жайлары да қарастырылып отыр", - деді А.Сәрінжіпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны