21.05.2012, 13:53 2866

Былтыр еліміздегі төтенше жағдайлардың саны 18,4 пайызға төмендеді

Былтыр еліміздегі төтенше жағдайлардың жалпы саны 18,4 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, зардап шеккендердің саны 16,2 пайызға, қаза болғандар 18,9 пайызға азайды.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Былтыр еліміздегі төтенше жағдайлардың саны 18,4 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Былтыр еліміздегі төтенше жағдайлардың жалпы саны 18,4 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, зардап шеккендердің саны 16,2 пайызға, қаза болғандар 18,9 пайызға азайды.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2011 жылы және 2012 жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел әрекет ету күштері 69 382 рет жедел шақыртуларға шықты. Сондай-ақ, оқыс оқиғалардан 8 662 адам құтқарылып, төтенше жағдай аумағынан 1 184 адам көшірілді.

"Есепті кезеңде зардап шеккен 2 499 азаматқа алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. 15 мыңнан астам өрт сөндіріліп, ұйымдар мен азаматтардың жалпы сомасы 80 млрд. теңгені құрайтын мүліктері сақталып қалды",-деді министр.

Оның айтуынша, еліміздің аса күрделі апаттық-құтқару жұмыстары ауа райы тез құбылатын қысқы-көктемгі кезеңдерге тиесілі болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны