25.07.2012, 15:23 3173

Бір апта ішінде 46 шетелдік тасымалдаушы рұқсат беру жүйесінің талаптарын бұзуына байланысты ұсталды

Бұл ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Көліктік бақылау комитеті бір апта ішінде 46 шетелдік тасымалдаушыны ұстады. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарымен рұқсат беру жүйесінің талаптарын бұзуына байланысты ұсталды және жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

"16 түрік, 14 украиндық, 5 литвалық, 4 германиялық, 3 болгариялық, 3 әзірбайжандық, 1 латвиялық тасымалдаушы тиісті рұқсат құжатынсыз Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдаумен айналысқан. Аталған рұқсат құжатының шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес берілетіндігін айтып өту керек. Ирбір мемлекет серіктес - мемлекетке өзінің аумағы арқылы жүк алып өту үшін белгілі мөлшерде квота бөледі. Осылайша, тасымалдаушы компаниялар аталған квотасыз немесе бөлінген квота саны таусылған жағдайда шет елдердің аумағы арқылы жүк тасымалдай алмайды", - делінген хабарламада.

Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Исет Асаубаевтың айтуынша, бұл шаралардың барлығы да отандық жүк тасымалдаушыларды қолдау мақсатында қабылданып отыр. Басқаша айтқанда, белгіленген квота көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушыларды тапсырыстан айырады деген сөз.

Мысалы, бүгінгі күні Украина Қазақстанға өзінің аумағы арқылы жүк тасымалдау үшін 6850 квота бөлген. Дәл осынша рет украиндық жүк тасымалдаушылар Қазақстан территориясы арқылы жүк тасымалдай алады. Келісім аясында Түркия мен Қазақстан арасында тасымалдаушылар жылына 7000 рейсті жүзеге асыра алады.

Шет елдің құзыретті органдарымен (38 елмен) 2012 жылға жасасқан келісімдер нәтижесінде қазақстандық тарап бүгінгі күні 126475 шетелдік рұқсат квотасын алған. Айтып өту керек, 2012 жылдың 6 айы ішінде көліктік бақылау бекеттерінде шетелдіктер тарапынан жол берілген 1372 бұзушылық анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны