13.06.2007, 14:59 2566

Бір әскери бөлімнің командирінің орынбасары 1,5 млн теңгені иемденіп алғаны үшін ұсталды

АСТАНА. 13-маусым. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ тергеу комитетінің әскери-тергеу бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз гарнизоны бойынша бір әскери бөлімнің командирінің орынбасарын 1,5 млн теңгені иемденіп алғаны үшін ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, командирдің орынбасары 2005-жылдың мамыр айы мен 2006-жылдың желтоқсан айы аралығында аталмыш бөлім командирінің қаржылық және экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушының карточкадағы есепшотына аударылған 1 млн 658 мың теңгені иемденіп алған. Полициядағылар бөлім қызметкерлері бұл қитұрқылықты сыбайласа жасаған деп пайымдайды.

Қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны