12.04.2010, 17:56 3028

Бір килограммдай героин тасымалдады деген күдікпен Худжанд - Саратов пойызында Тәжікстанның екі азаматы ұсталды

Бір килограммдай героин тасымалдады деген күдікпен Худжанд - Саратов пойызында Тәжікстанның екі азаматы ұсталды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында бір килограммдай героин тасымалдады деген күдікпен Худжанд - Саратов пойызында Тәжікстанның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "10 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Батыс" өңірлік басқармасының "Бейнеу ж.д." өңірлік басқармасының шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Худжанд - Саратов бағытындағы пойыздың бір вагонынан құпия қойма тапты, одан жалпы салмағы 1 килограмм 200 грамм героин салынған дорба табылған".

Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Тәжікстанның екі азаматы ұсталды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны