19.04.2013, 10:56 3265

Бір тәулік бұрын суға кеткен балықшының денесі табылды

18 сәуір күні Алматы облысындағы Ащысай ауылының маңындағы Шілік тоғанына батып кеткен 38 жастағы балықшының мәйіті табылды.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Бір тәулік бұрын суға батып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

18 сәуір күні Алматы облысындағы Ащысай ауылының маңындағы Шілік тоғанына батып кеткен 38 жастағы балықшының мәйіті табылды.

Оның денесі судан ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны