04.05.2010, 15:43 3001

Бірде-бір ардагер мемлекет тарапынан қамқорлықсыз қалмауы тиіс - президент

Мерейтой қарсаңында 300-ден астам ардагер мемлекеттік наградаға ұсынылған. Жеңісті атап өтуге арналған салтанатты мерекеге қатысу үшін 32 қазақстандық Мәскеуге, соғысқа қатысушының бесеуі Санк-Петербургке, екеуі Прагага баратын болды.

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ.Сүлейменов президентті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында ардагерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде көп іс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Кездесу кезінде Қазақстанда 14376 соғысқа қатысушы тұратыны атап өтілді. Мерейтой қарсаңында 300-ден астам ардагер мемлекеттік наградаға ұсынылған. Жеңісті атап өтуге арналған салтанатты мерекеге қатысу үшін 32 қазақстандық Мәскеуге, соғысқа қатысушының бесеуі Санк-Петербургке, екеуі Прагага баратын болды. Бұдан басқа, қайтыс болған қазақстандықтардың туған-туыстары болып келетін 155 отбасы өз әкелері мен аталары жерленген жерге баруға тілек білдірген. Осы мақсатқа қажетті қаражат бөлінді.

Иңгіме барысында президент бірде-бір ардагер мемлекет тарапынан қамқорлықсыз қалмауы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны